у керек. Бәрі де шектеулі.
2-ден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу жаса, биле, ән сал, қыдыр.
3-ден, психикалық және дене реакциясы қажет. Келесі тәсілдерді қолданып көр: музыка тыңда, түнгі аспанға, бұлтқа қарап арманда.
4-ден, үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге бар, жанұя мейрамдарына қатыс, жаңа қызықты адамдармен таныс. Ата-анаңа, ата-әжеңе, апа-ағаларыңа көңіл бөл, олар сенің махаббатыңа, қамқорлығыңа, жылылығыңа зәру.
Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
Жігер деген – Мен
Күш деген – Мен
Махаббат деген – Мен
Кешірім деген – Мен
Құдірет деген – Мен
Жасөспірімдік деген – Мен
Жастық шақ деген – Мен
Денсаулық деген – Мен
Адалдық деген – Мен
Жарқындылық деген – Мен
Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
4. «Теңіз жағасында». ( Релаксацияға арналған жаттығу)
Теңіз жағасындағы дауыстар жазылған үнтаспа қойылады, балалар жайланып отырыды.
Барысы: Ыңғайланып отыр да көзіңді жұм. Үш рет терең дем ал. Өзіңнің тыныштық нүктеңді тап –ондай орын сенің Жаның, сен онда тыныш та жайбарақат күйге енесің.
Егер сен жақсылап құлақ салсаң, онда толқындардың жағаға жайлап ығысқанын, су гүрілін естисің. Біраздан кейін толқындардың кейін жылжығанын, онан кейін жағаға ығысқанын естисің. Теңіз толқынының ырғығы бір қалыпты. Толқындар теңіз жағасындағы құмды тегістегендей, сенің ақыл – ойыңды тыныштандырады және айқындайды. . . .
Сен өзіңнің теңіз жағасында отырғаныңды елестет. Сенің отырған жеріңнің құмы құрғақ, жұмсақ, майда.
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>