Жан – жағыңа көңіл аудар, сен жағада жалғыз екеніңді байқадың. Күн ұясына батып барады да аспан сары, қызыл, қызғылт түстерге боялды. Кеудеңе көбірек ауа толтырып, теңіздің тұзды иісін сезін. Теңіз ауасы таза және дымқыл. Сен шағаланың дауысын естисің.
Өзіңе маңызды сұрақ қою үшін сен теңіздің тыныштығын пайдалансың. Қазір сен өзіңді жайбарақат сезінесің. Өз сұрағыңа қарапайым да, түсінікті сөздер тап. Сен өз сұрағыңды жәйлап айтып жатқанда теңізге қара, теңіздің саған жауап беруіне дайын бол.
Мүмкін сен толқынның жағаға ұрғанын естірсің. . . . Мүмкін теңіз саған бір сурет немесе бейне көрсетер. Мүмкін сен дұрыс жауапты табуға көмектесетін өзіңнен бір күшті сезімді сезінерсің. . . . Өз сұрағыңды анық та, түсінікті етіп қарауыға теңіз, көмектесер. (30 секунд)
Енді сен жаныңның түпкіріндегі тыныш та, жайбырақат орныңмен таныстың, кез келген уақытта, маңызды мәселелерді ойларда сен осы орынға келе аласың.
Қазір сен осы орынмен қоштасып, бөлмеге жәйлап келесің. Қолыңды соз, терең дем ал, көзіңді аш та, жақсы көңілмен осында қайт. . . .
Рефлекция. Рахмет! Не сездіңдер? Сендерге ұнады ма?
5. «Жеміс – жидектер салаты» тренингі
Мақсаты: Оқушы бойындағы жағымсыз энергияны шығару, өз – өзіне сенімділікті жоғарылату мен өз күшіне сенуді үйрету.
Нұсқау: Қазір сендерге түрлі жеміс – жидектер суреттерін көрсетемін. Ішінен өздеріңе ұнайтын жемістерді таңдап алыңдар. Бірдей жемістер топ болып бөлек – бөлек тұрыңдар. Мен белгі бергенде барлығымыз араласып салат боламыз. Содан соң, мен, мысалы: 2 алма, 3 апельсин, 2 банан болып топтасыңдар деймін, сол кезде топ болып тұра қаламыз. Ойын осылай ары қарай жалғаса береді.
6. «Еске түсіруге жағымды» жаттығу
Мақсаты: өзіне сенімсіз жағдайда өзін – өзі сендіруге үйрету.
Нұсқау: бұл жаттығуларды
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>