н, кіші делінеді. Ет талшықтары шоғырларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бүгу, жазу, айналдыру, көтеру. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.
Бас пен мойынның бұлшықеттері. Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегіне бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ қозғалысқа келіп тамақты шайнауға қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді.
Тұлғаның бұлшықеттері - орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді.
Арқа бұлшықеттері:
1) трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді.
2) ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының өсіндісіне бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.
Көкіректің бұлшықеттері:
1) көкіректің үлкен бұлшықеттері - пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады.
2) сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер - қабырғалардың аралығында орналасқан. Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп, кеуде қуысын кеңейтеді (көлемін үлкейтеді) де тыныс алуға қатысады.
3) ішкіқабырғааралық бұлшықеттер - сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында орналасқан. Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне әсер етеді.
4) көкет (диафрагма) адам денесінің кеуде және құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын күмбез тәрізді
смайлик
Жиынтық баға
Дерек көздер және жабдықтар
Флипчарт, қағаздар, стикер
Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері
Кейінгі оқу
Биология-Қазақстан
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>