ий
ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру
Білу: "Бейне материалдар" әдісі бойынша
1 -тапсырма:
1. Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмекті білу;
"Бейне материалдар" әдісі бойынша сұрақтар:
Адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болатын сүйектің ауытқуы
Адам жығылғанда, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйектің басының таюы
Сынудың жай түрі
Сүйектің сынуы . . . түрлі
Өте қауіпті сыну түрі
Қай жағдайда жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін?
Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
Сүйек сынған жерінде сызат пайда болады:
Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі неге байланысты?
Ересек адамдардың сүйектері неліктен сынғыш?
ІІІ. Жаңа тақырып
Түсіну . Қолдану. Талдау. "Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни тұрғысынан ойлау " әдісі
2 тапсырма: Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызын айта алу;
Бұлшықеттер - бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. (Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер). Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды. Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғай салалы, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
1-сурет. Дене
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>