Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алматы облысы
Балқаш ауданы
Бақанас селосы
Б. Бейсекбаев атындағы орта мектеп МДШО» МКМ
Мектеп психологі: Рысбекова Гулзат Ерболатқызы
Тақырыбы: Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау.
Мақсаты: Білім беруді жаңарту жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру мен үйлестіру жолдарын анықтау.
Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздердің психологиялық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған психотехникалық ойындар жүргізіледі.
«Кешке жиналу» жаттығуына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Әрқайсымыз өз үйімізде бүгінгі өтетін семинарға жиналудамыз деп елестетейік. Сонымен, өзімізді ыңғайлы, әрі ғажап етіп көрсететіндей не кисем екен?- деп қолыңызды созып, шкафтың есігін ашып, ішінде жатқан киімді бір қарап шықтық. Бүгін көзіңе түскен киімді алыңыз. . . Айнаға қарап көріңіз. Келе ме? Өте жақсы! Әзірге алып қоя тұрыңыз. Сәйкес бас киім таңдап алсақ жаман болмас еді. Жоғары сөрелерде не жатыр. Мәссаған, керек болса, кигің келген бас киіміңді таба алмай тұрсың! Мүмкін өткен жолы сіз оны шкафтың үстіне лақтыра салған шығарсыз? Қолдарыңызды жоғары көтеріп, шкафтың үстін қарап шығамыз. . . Ал енді екінші қолымызбен. . . Қалпақ ол жерде жоқ екен. Ол шкафтың артына түсіп кеткен шығар! Оны алу үшін шкафты орнынан сәлде болса жылжыту керек. Қане келіңдер, не де болса, бұл ауыр шкафты орнынан қозғалтып көрейік. Тағы да бар күшімізді салайық – Ура! – Қалпақ табылды. Оның шаңын қағамыз. Тіпті щеткамен тазаласақ та болады. Міне енді біз ыңғайлы, әрі әдемі киімімізді кидік, басымызда ғажайып қалпақ. семинарға бара берсек болады. Міне се

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: