Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

імен бөлісемін деген мақсатпен келіп отырсыздар.
Миға шабуыл
1. «Аквариум» әдісі «Өз мақсатыңа берік бол» аңыз
Қатысушылар алдарына таратылған ресурстарды оқи отырып, аңыз арқылы беріліп отырған ойдың түйінін анықтайды. Оқып танысуға 2 минут, өз ойларын ортада білдіруге 1 минут, барлығы 3минут
Аңыз
Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты. Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын. Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады. . . . .
Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: «Бұл өте қиын! олардың шыңға шығуы мүмкін емес!» немесе «Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!»
Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады. . . Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді. . . Көрермендер сонда да «Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыңға шыға алмайды! деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап құлай берді. . . Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді. Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды. Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш қуатты қайдан алды?
Жауабы: Сөйтсек жеңімпаз бақаның құлағы естімейді екен! Ол көпшіліктің кертартпа пікірін естімеген.
Түйін: Балаңызды өзгелердің кертартпа сөзіне құлақ аспауға және өз-өзіне сенімді болуға үйретіңіз
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады
К. Д . Ушинский
Рахмет сіздерге, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне де келіп жеттік.
Бүгінгі семинарға келіп, тренингке белсене қатысқан ұстаздардың барлығына алғысым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: