Білім беру технологиялары

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ез - келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
1. Нақты мақсат қоюға дағдыланады
2. Өзіне деген сенімі артады
3. Оқу процесіне белсенді қатысады
4. Жолдастарының пікірін сыйлайды.
5. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
6. Сараптауға, бағалауға дағдыланады
7. Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту;
Мағынаны тану:
Ой толғаныс
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
"Қызығушылығын ояту" кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында "Топтастыру" стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда "Мен не ұтам?", және "Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
"Мағынаны тану" кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны "Куббизм" стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі - ой толғаныс. Мұнда "Венн" диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс не

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: