. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір - "қалай оқыту мәселелерін қарастырады". "Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. "Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады" деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т. б, таным әрекетерін жасайды.
"Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық" деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Меніңше, жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары мынал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>