ар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер береді.
Ал, жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
1. Барлық баланы оқыту;
2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
4. Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" техногиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірінтыңдау,сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін - әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау к
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>