параттық технология дегеніміз- білім беру ісінде ақпаратты даярлап , оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Қазіргі заманда білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үдерісінде компьютерлік технологияны желілік технологияларды, мультимедиялық технологияларды жаппай қолдану міндетін атқаруда. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық жәнке дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу оқытушының шеберлігі болып табылады.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының ерекшелігі оқушылар оқу үрдісін басқарып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде орта қарым - қатынас құралына айналады. Сабақ барысында жеке , топтық жұмыстар әзірлеу,эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, пікір алмасулар сияқты танымдық-рефлекциялық әрекеттер арқылы оқушылардың өздері үшін маңызды болған мәселелер қарастырылады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясында ақпараттар негізінде сапалы шешім қабылдауға, ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға ақпаратты өңдеуге , жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл технологияның тиімділігі сол, оқушының құзіреттілігін арттырып қана қоймай, өздігінен жан-жақты білім алуына, ойын ашық айта алуға, бірін - бірі сыйлауға үйренеді.
Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын технологияларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақ- оқытушының ізденісінің нәтижесі. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін танымдық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып, білім-танымын кеңейтеді. Ең бастысы оқушының ой ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң , ойын сабақтар ұйым
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>