Жаңа технологиялар мен жұмыс істеу үшін мынадай алғышарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу, оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру, оның ғылыми-әдістемелік, оқыту- әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа технологияларға ақпараттық технологиялар, сыни ойлауды дамыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы, оқушылардың белсенділігін арттыруда ойын технологияларын жатқызуға болады.
Жаңа технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір оқытушыға өзінің өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру- қоғам талабы.
Ақпараттық - комуникациялық технология жағдайындағы жалпы оқыту үдерісінің функциялары ретінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, сезімді ояту, бақылау-түзету анықталады. Ол оқушының ой өрісін, жігерін, күш-қайратын қажет етеді және олардың дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар компьютерлік оқыту оқушылармен шығармашылық пікір талас жүргізуге жол ашады және оқушының ойлау қабілетін арттырады.
Жаңа ақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>