Білім беру саласында жаңа технологиялардың пайдалану мүмкіндігі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласында жаңа технологиялардың пайдалану мүмкіндігі .

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалы колледжінің оқытушылары. Басхожаева Н. Ә, Асқарова Ұ. М.

"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында".
Н. Ә Назарбаев.

ХХІ ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педогогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. Жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп , бүгінгі заман талабына сай біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып тұр. Сол себепті білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге сәйкес қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті , білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру - бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуда. Білім берудегі басты мәселе : білім алушы айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін, тәжірибесін молайту болып отыр. Осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы "Заңында: " Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу" -деп атап көрсеткен.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: