Бейбітшілік пен келісім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

мыз жөн болар. (Гимн орындалады)
ІІ. Жаңа тақырып мазмұнын ашу.
-Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?(Қазақстан)
-Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, егемен, көпұлтты, жас, . . . )
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесіңдер ме?
-Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
-"Конституция" сөзін қалай түсінесіңдер?
-Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (1995ж 30 тамыз)
-Жарайсыңдар балалар, толығырақ ақпарат алу үшін Мына мәліметтерге назар салып, мұқият тыңдаңдар!
ІІІ. Айбары асқақ Ата Заң

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 18 жыл толып отыр. Конститутция - біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер - ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!
-Ата Заңымыз туралы кім қандай өлең, тақпақ біледі? (балалар тақпақ айтады)

1 -Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

2-Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: