Күні: 01. 09. 2015
Тақырыбы: "Бейбітшілік пен келісім", "Қазақстан-2050" Стратегиясы: "бір халық - бір ел - бір тағдыр"
Мақсаты:
Білімділік:"1-қыркүйек - Білім күні" мерекесін сезіндіре отырып, оқушыларға елімізде жас ұрпаққа білім беру саласында жасалып жатқан игі істер туралы мағлұмат беру; "Қазақстан-2050" стратегиясының мазмұны мен мақсатын, саяси бағыттарын түсіндіру; Ата Заңымыз жайлы қосымша ақпараттар беру;
Дамытушылық: Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын арттырып, жолдаудың мазмұны бойынша еліміздің дамуына өз үлестерін қосу дағдыларын қалыптастыру, елі үшін еңбектенуге жігерлендіру, ойлау, сөйлеу, өз ойын ашық, еркін айту шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз халқын, туған жерін, Отанын сүюге, ел дамуының, өркендеуінің саясатын құрметтеуге, ел құндылықтарын қадірлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
"Көңіл толқыны" күйі ойнап тұрады.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар? Бүгін еліміздің түпкір-түпкірінде үлкен мереке, үлкен той. Яғни, -Білім күні! Барлығыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті іс - қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің ертеңі, болашағы - сендерсіңдер! Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!
-Құрметті қонақтар және оқушылар, бүгінгі сынып сағатымыз өздеріңіз тақтадан көріп отырғандарыңыздай, "Қазақстан-2050" Стратегиясы: "бір халық - бір ел - бір тағдыр" және 30-тамыз Конституция күніне арналмақ. Сондықтан сынып сағатымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастағаны
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>