і екі әдіспен сұраулы сөйлемге айналдыр.
І деңгей. 1. Шашылған сөздерден сөйлем құрып, көп мағыналы сөзді дәлелде.
қаласы, тәуелсіз, қаласы, еліміздің, бас, Астана.
2. Өзіңнің досыңа мінездеме бер.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Бақылау жұмысы (жылдық үзік)
Мақсаты: 6-шы сынып бағдарламасы бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін анықтау.
Мен биыл 6 сыныпты бітіремін. Осы жылы біз көп пәндерден білім алдық. Солардың бірі – қазақ тілі.
Қазақ тілі-ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мен қазақ тілінен жыл бойы жақсы оқып, білімімді арттырдым. Қазақ тілі сабағында жаңа сөздер, өлеңдер, тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттадық. Сауатты жазу үшін грамматиканы да оқып, үйрендім. Грамматикалық тақырыптардан: сөз оның мағынасы, сөйлем түрлері, зат есім, сын есімнің шырайлары, сөйлем мүшелері т. б. тақырыптар туралы білдім.
(65 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей. 1. Мәтінге тақырып қой.
2. Септік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
ІІ деңгей. 1. Келесі берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын қосып жаз:
білім, сабақ.
2. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдап, етістіктің шағын анықта.
І деңгей. 1. Сұрақтарға жауап бер:
а) Сенің есіңде қай тақырыптар қалды?
ә) Қандай өлең, тақпақты жатқа білесің?
б) Биылғы алған біліміңе көңілің тола ма?
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Ұққанды жазу.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік негіздерін меңгерту мақсатында сөйлем әрекеттерін қалыптастыру.
Жамалдың өкініші.
Бір күні ойнап жүрген Жамалға апасы:
-Жамалжан, ана ешкілерді қайырып келші!-деді.
Жамалдың барғысы келмей:
-Апа тісім ауырады, - деді.
Жамалдың апасы қызының айтқан сөзіне сенді.
-Кәмпитті көп жейсің. Содан тісің
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>