Бақылау жұмыстары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ырып қой.
2. «Мемлекеттері» - сөзін сөз құрамына қарай талда.
ІІ деңгей. 1. «Тұңғыш» - сөзіне мағынасы бір сөз жаз.
2. «Бейбітшілік» - сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап.
І деңгей. 1. Отан туралы 1-2 мақал жаз.
2. Өзіңнің кіші Отаның туралы 3-4 сөйлем құрап жаз.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Тоқсандық бақылау жұмысы (ІІІ тоқсан соңы)
Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін практикада қолдану, икем, дағдыларын тексеру.
Көктем.
Біз көктемді асыға күтеміз. Көктемде қар еріп, күн ұзарады. Алма, өрік, шие ағаштары гүлдейді, бұталарға жапырақ шығады. Самал жел соғып, күн жылы, түн әлі салқын болады. Көк шөп, бәйшешек шығып, құстар қайтады. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.
Көктемде 8 наурыз -әйелдер мерекесі болады. Ол күні қыздарға, аналарға, әйелдерге қызғалдақ гүлдерін сыйлайды. Шығыс елдерінің Жаңа жылы – Наурыз мейрамы да көктемде келеді.
Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр.
(64 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей. 1. Мәтіннен 5 зат есімнің септіктерін анықта, жалғауларын көрсет.
2. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, түрін анықта.
ІІ деңгей. 1. Жетінші сөйлемнің етістігін тауып, әр шаққа қой.
2. 1-3 сөйлемді орыс тіліне аудар.
І деңгей. 1. Наурыз мерекесі туралы 3-4 сөйлем жаз.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Тоқсандық бақылау жұмысы (ІV тоқсан соңы)
Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын; грамматикадан, лексикадан алған білімдерін анықтау.
Жатжазу.
Қар ери бастады. Еріген қар сулары ақты. Көктемде шуақты күндер көп болады.
Көктемде өсімдіктер дүниесінде көп өзгерістер болады. Ағаштар бүршіктейді, жапырақ жаяды. Алғашқы гүлдер – жауқазын, қызғалдақ, сарғалдақтар өсе бастайды. Балалар бәйшешек гүлдерін жинайды.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: