уын мейірім қанғанша іштім. Маңдайымнан бұрқ етіп, мұп-мұздай суық тер шықты. Табанымды үй іргесіндегі жұп-жұмсақ, көк шөпке бастым. Тебіндеп шыққан майда шөптің бетіне қисық табан, кіп-кішкене ізім түсті. Тұп-тұнық, мөлдір қара көздің жанары от шашты. (С. Бақбергенов)
Тайман бала кезінде ерке, аңғырттау еді. Дәурен ағайдың өзіне ұқсаған қиықша қой көзді, дөң мұрын, қалқаң құлақ, кішкене Қоңырдың езуі жиылмайды. Киімі ып-ықшам, тап-таза, үстінде жеңі қысқа ақ көйлек. Тайман әзілге шорқақтау еді. Бұл Тайман үшін аса қуанышты күн болды. (З. Қабдолов)
Қазақ тілі.
6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Күзгі суретші.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты мағлұмат беру, сөздік қорын жаңа сөздермен байыту.
Дамытушылық: мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанын түсініп, сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Аызекі сөйлеу дағдысын дамытып,қалыптастыру; іздемпаздық
қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың назарын күзгі суреттерге аударып, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, сөздік
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу. Өткен сабақтарды естеріне түсіре отырып, үй тапсырмасын сұрау.
-Біз қазір қандай модульді өтіп жатырмыз?
-Грамматикалық тақырып қандай?
-Үйге не берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, интерактивті тақтадағы тірек сызба бойынша, күз туралы не айтасыңдар?
« Менің өлкемнің күзі» әңгімелеу
ІІІ. Мотивациялық кезең. (интерактивті тақтаны қолдану)
Балалар, Ермек Өтетілеудің «Төрт түсті жер үсті» өлеңінен үзіндіні оқып, жылдың қай мезгілдері туралы айтылғанын табыңдар.
Жалын – жон,Жаңбыр, қақ,
Жасыл дөң.
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>