Бақылау жұмыстары

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ауырып тұр, деді де ешкіні өзі қайырып келді.
Ертеңінде Жамалдың апасы дүкеннен көп кәмпит сатып әкелді. Кәмпитті көріп Жамал:
-Апа, кәмпит берші!-деді.
-Кәмпитті көп жеген соң, тісің ауырып жүр. Енді кәмпит жеме. Бір кәмпит те
бермеймін,- деді апасы.
Жамал тісім ауырған жоқ деп айта алмады. Өзінің өтірік айтқанына қатты өкінді. Ол «бұдан бұлай өтірік айтпаспын» деді өзіне өзі.
Сөздік:
Өкініш – раскаяние, сожаление
Қайырып келші – пригони
Ертеңінде - наутро
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Творчестволық диктант.
А) Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар:
тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті . . . . . . . .
ашық мінез, ашық әңгіме, ашық . . . .
иненің көзі, байлықтың көзі, . . . . . . көзі
өткір ой, өткір мінез, өткір . . . .
алыс арман, алыс туыс, алыс . . . . .
қалың ел, қалың ағаш, қалың . . . . .
қатты айту, қатты шу, қатты . . . .
әдемі әуен, әдемі иіс, әдемі . . .
Ә) Сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, тіркес жасаңдар.
Ауыр, ыстық, жүрек, терең, жуан.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Түсіндірмелі жатжазу.
Шілде.
Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзарып, түн қысқа болады. Күннің ыстығы соншалықты – тас пен құм қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды.
Бұл – қымыз молайып, қозы піскен кез. Ел жайлауда бірін-бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, ұл туса, жұрт жиналып той болып, ат шаптырып өткізеді. Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді.
Үлкендер сол күндерін қазір қатты сағынып сөз қылысады.
Грамматикалық тапсырма:
Үстеулерді белгіле.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Сын есімнің шырайлары
Терме диктант.
Отыра қалып, мұздай қайнарға қолымды салдым. Мөп-мөлдір, бал татыған с

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: