Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстары
Бастауыш оқытудағы басты орынның бірі қазақ тілінде. Бағдарлама талаптары аясында оқушылардың білім , білік, дағдыларының нақты болуы қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістеріне байланысты. Қазақ тілін оқытуда негізгі дидактикалық принциптер жүзеге асады.
Білімді меңгеруді қамтамасыз ететін басты дидактикалық жағдай – оны жүйелі тексеріп отыру және бағалау. Қазақ тілі бойынша негізгі жазба жұмыстарының түрлері көшіріп жазу, диктант (түсіндірме, көру, терме, сөздік, шығармашылық, бақылау), тест жұмысы.
Түсіндірме диктанты бұрын оқытылып кеткен тақырыптарды қайталауға, жаңадан оқылған ережелерді бекітуге арналады. Тақырыпқа байланысты диктантты сабақтың кез – келген кезеңінде орындатуға болады. Алдымен мәтін толық оқытылады. , сонан соң әр сөйлем жеке оқылады. Оқушылар оқылып отырған ережеге байланысты талдау, түсіндіруге қатысады.
Терме диктанты оқушылардың белгілі бір ережеге байланысты сөздерді немесе сөз тіркестерін есту арқылы ажырата білу дағдыларын жетілдіреді. Мұғалім мәтінді оқиды, ал балалар оқылып отырған ережеге сәйкес сөздерді ғана теріп жазады. Бұл диктант түрін тақырыпты оқу барысында алған оңтайлы. Уақыт үнемделеді, қажетті сөздер көбірек жазылады, ең бастысы оқушы зейін қоя тыңдауға машықтанады.
Көру диктантының мақсаты – есте сақтауды дамыту, орфографиялық сауаттылыққа жетелеу. Таныс емес не оқылмаған ережелерге байланысты сөздер дің астын сызып қоюға не басқа түспен жазуға болады. Сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қарай бұл диктант көлемі әртүрлі болады.
Сөздік диктантта – сыныпқа сәйкес сөз саны беріледі. Сабақ соңында алуға ыңғайлы . Оқушылар жазған сөздерін сөздіктен қарап өздері түзетсе тиімділігі артады.
Шығармашылық диктант оқушылардың тілін дамытуға, сөздік қорлары
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>