н байытуға өте тиімді. Балалар сөйлем, мәтін құруға өздері белсенді қатысады. Мұғалім суреттер арқылы , қажетті сөздерді тақтаға жазып қою арқылы орындатады. Қолданылатын ережелер еске түсіріледі, түсіндіріледі. Бұл – таза диктант емес, шығармаға дайындық деп қарауға да болатын жұмыс.
Тексеру үшін көшіріп жазу – бастауыш мектеп сатысындағы өте маңызды жұмыс түрлерінің бірі. Бұл орфографиялық сауаттылықты жетілдіреді, сөз бен сөз тіркестерін есте сақтауға және жазылуын көру арқылы меңгеруге көмектеседі. Мәтінді тақтаға жазған соң дауыстап оқиды. Сонан кейін оқушылар өз бетімен оқып, көшіріп жазады, тапсырмаларды орындайды. Жұмыс соңында мәтінді, тапсырманы тексеруге уақыт беріледі. Бұл жұмысты жаңа тақырыптар оқылғанда үнемі пайдалану ұсынылады.
Бақылау диктанты оқушының тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында алынады. Нәтижесінде оқушы біліміндегі олқылықтар анықталып , оларды жою жолдары белгіленеді.
Мұғалім мәтінді әуелі толық, сонан соң әр сөйлемді жеке оқиды. Таныс емес ережелерге байланысты сөздер, тыныс белгілерін алдын ала ескертуге болады. Оларды жазарда анық, орфоэпия заңдылықтарын сақтай отырып оқыған дұрыс. Қайталауға , көмек беруге болмайды.
Диктантқа (көшіріп жазуға) мазмұнды, байланысқан мәтінді алған дұрыс. Бұл мәтіндер қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес, тәрбиелік мәні бар, оқушылардың танымдық білімін кеңейтетін, мазмұны мен құрылымы сынып ерекшеліктеріне сай алынуы қажет.
䩡 䡭п䡳пᘀтаға жазылады, мұғалім ол сөздерді анық, түсінікті оқуға баса назар аудару керек. Бақылау диктантынан соң қатемен жұмыс жүргізіледі. Оған арнайы сағат бөлінеді. Басқа диктанттардағы қатемен жұмысқа арнайы сағат бөлінгенмен, келесі сабақта уақыт бөліп, қатемен жұмысты тиімді өткізу қажет. Қатемен жұмыс жазба жұмысы алынған дәптерде орындалад
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>