БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КОММУНИКАЦИЯ
Ишангалиева Жанна Сериккалиевна
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Орал қаласы
Ұйымдағы басқару қызметін жетілдіру, үнемі жаңалыққа бет бұрып, заманауи технологияның тетігін тауып, коммуникация процесін дамыту. Коммуникациялық процесс, мотивация, маркетинг.
Менеджер қызметінің мақсаты – өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру болып табылады.
Коммуникация дегеніміз - қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінуге негізделген байланысы, бір-бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Менеджерлер өз жұмыстарын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.
Шетел зерттеулерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар – бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер.
Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасу мүмкіндіктері, жеңілдіктері тағы басқа туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.
Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телеф
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>