таңдады. Иланова Айгерим Абзалқызы Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институтына ақпараттандыру факультетінің физика бөліміне грантқа түсіп, ІІІ курста оқып жүр. 2014 - 2015 оқу жылында физика пәнін 3 оқушы таңдап, Тыныштықова Сыйлық Абай атындағы педагогикалық университетке грантқа түсіп, Илан Асхат пен Ибраемов Елдос агроколледжге жерге орналастырудың бюджет бөліміне түсті.
Соңғы үш жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей: 2012-2013 оқу жылында сапа көрсеткіші 71, 2013-2014 оқу жылында сапа көрсеткіші 76, 2014-2015 оқу жылында сапа көрсеткіші 77 көрсетіп отыр.
Ғаламтор ресурстарымен жұмыс жасауды мұғалім меңгерген, педагогтарға арналған сайттарда республика ұстаздарымен іс-тәжірибе алмасады, "Білімділер", халықаралық "Metod-kopilka", "Multiurok. ru" сайтында бірнеше сабақтары мен тәрбие сағаттары үлгілері жарияланды.
Баланың не нәрсеге қабілеті барын анықтап, оның дамуына кедергі жасамай, яғни дамытып, қызығушылықтары мен икемділіктерін арттыруда ата - аналармен бірігіп жұмыстану ғана жоғарғы нәтижеге қол жеткізері хақ. С. Л. Рубинштейн айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы барлық қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін - өзі танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады. Мұғалім шығармашылығының кәсіби іс - әрекетіне деген қажеттіліктің туындауына ықпал ететін мына шарттарды атап айтқан жөн:
- қайшылықтарды жеңе білу.
- өз - өзіне іс - әрекеттің субъектісі ретінде қарау .
- рефлексияға қабілеттілік;
- өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу;
- іс - әрекеттің біріккен түрін қолдана білу.
Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақыры
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>