сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
(Енді оқушыларға сұрақ қояды)
Қарт:-Адамның ақылы қайда, балаларым, кім айтады екен?
Оқушы: Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Қарт:- Адамға ақыл беретін кім, балаларым?
Оқушы: Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата- ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Қарт: «Өмірде не жетім?» деген сұраққа өзім жауап берейін.
Өмірде жеті жетім бар.
Өмірде ата –анасы жоқ болса, бала жетім.
Халқына сенімсіз болса, халқы жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
Суы жоқ құдық- жетім.
Досы жоқ жігіт –жетім.
Шәкіртсіз ұстаз жетім.
Қызы жетесіз болса, ана – жетім.
Ата – ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата – ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар. Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата- аналарыңды сыйлай біліңдер! Әумин!
Ананың қоғам өмірінде алатын орны үлкен. Ана ғалым, Ана ғарышкер, Ана зейнеткер.
Сондықтан да әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады.
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың сен аспансың, биіктің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем – аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр әнім!
Бүгін біз құрметті де, ардақты, әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз.
«Қариясы бар үйдің қазынасы
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>