Бар ізгілік бір өзіннен тарайды

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

бар» деп халқымыз текке айтпаған. Әжелерімізге арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз Ана тілі әжем.
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүеніп,
Аман есен жүр әжем.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған,
Үлкен –кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.

Әйел – Ана, Әйел –Өмір, Әйел- тіршілік өзегі. ( Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейрімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүкімді перезенті болар. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды , өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман – есен бүгінгі күнге жеткізген әйел –)ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да өз сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма аналар.
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір ақ нәрсе –Отан ғана!
Осымен Аналар күнінен арналған ертеңгілігімізді аяқтай келе, адам баласы үшін ең қастерлі сөз – АНА деп білеміз!





Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: