де біздің қазақ»
Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағына аласың.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсың мерекең.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым.
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сұлу сөздің шоқ гүлін.
«Қарт пен бала әңгімесі»
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:-Балам, мен балалар кітапханасында болғалы жатқан «Сиынар ем ана деген тәңірге» атты ертеңгілікке бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:
Бала:- Ата маған сұрақ қойыңызшы, - деді бала.
Қарт:--Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Бала:-Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
&-Жоқ балам, үйдің алтын қазығы –АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүенішің, қарыңдасың қанатың екенін ұмытпа.
Қарт:--Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала:- -Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейрімді әке.
Қарт:-- Жоқ балам, әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін – АНА.
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Бала:- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Қарт:-Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>