Бар ізгілік бір өзіннен тарайды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ор, дара екен.
Ананың ақ сүтін ақтау парыз деймін,
Еңбегі бізге болар қарыз деймін.
Меккені үш айналса да, өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.
Дүниеге ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең дастаңды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жаңарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ендеше кезекті әнге берейік.
(Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. )
Сыйла әйелді жоғарыдан бер орын,
Көтер оның мерейі мен беделін.
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің – деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырға қосқандай ана жер бетіндегі ең қымбат, асыл жан. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуіміз қажет.
Осы отырған бәрімізде аналарға борыштармыз. Оларға айтылар алғысымыз шексіз емес пе?
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтардың бірі де, бірегейі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: