Бар ізгілік бір өзіннен тарайды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бар ізгілік бір өзіннен тарайды
Мақсаты: Оқушыларды инабаттылыққа, ізгілікке, үлкенді сыйлауға, анаға құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілер: Нақыл сөздер, суреттер.
Барысы:
Жүздеріне мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Алаңсыз да балғын шақта балалар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Міне жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін « 8 – Наурыз» мейрамы құтты болсын! Осы отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын! Қазақ халқы –әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы – тұщысын көріп, ысыла білген, ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы деп, бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген. Ана- әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана шының, шыңына сағынып жет,
Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көнілімізді сергітеді. «Ат биеден туады, алып анадан туады»-дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана тіршіліктің гүлі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен,
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың еңбегі з

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: