рғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды.
Ұлы педагог В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: "Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі қоршаған орта туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты".
Ойынның қандай түрі болмасын, ол баланың ойлау, есте сақтау, есіту және де белсенді,енжар сөздік құрамның дамуына тигізер пайдасы мол.
Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты. Балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда IX - X ғасырларда анықтап, қолөнерді дамытуға, оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды, саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген.
Жеке және топпен жұмыс жұргізгенде балаларға ұшы бар жаңғақты ұсынамын:
1. оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз:
2. жаңғақтың ұшы бар жағына, әр саусақтың ұшымен басып шығамыз.
Сонымен қатар:
1. Бұдыр - бұдыр шармен жұмыс жасаймыз.
(оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).
2. Қыры бар қарандашпен жұмыс.
(екі алақанның ортасына салыпы айналдырамыз) .
3. Балаларды өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырдым.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Бүгінгі күнде балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады,өйткені балабақшада
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>