қтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу;
- оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
- сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру;
2. Үй тапсырмасын пысықтау
Балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік міндеттері
Балаларды табиғатпен таныстырудың білімдік міндеттері
Өзіндік жұмысын тексеру
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда кездесетін міндеттерден ойын ұйымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
3. 1. Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау.
3. 2. Жаңа тақырыпты түсіндіру (лекция)
Жоспар:
1. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-тәсілдер
2. Балаларды табиғатпен таныстырудың құралдары
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
4. Тәрбиешіге қойылатын талаптар
1. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-көрнекілік және сөз. Баланың қоршаған шындықты тануы -- табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі -- көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.
Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы, балалар бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа райының жағдайын (суықтығын, жылылы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>