Балалардың сөздік қорын дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мектепке дейінгі балалардың қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері


Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты - балаға сөзді бұзып
сөйлемеу керек.
(М. Жұмабаев)

Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды. Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден-бір жолы-өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүймелдеуші болып, әрдайым жанынан достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.
Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру - балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдында қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа техналогияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа техналогиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау қабілеттері мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. Ең тиімді әдістерінің бірі "Ойлап табу теориясының шешім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: