ол жаққа серпілту)
Бүлдіресің қолыңды (екі колының алақандарын жоғары көтеріп айналдыру)
Секіріп өт ордан да,(екі қолынды жұдырықтап кезек кезек бірінің үсінен бірін секірту)
Секіріп өт жолдан да, (екі қолынды жұдырықтап кезек кезек бірінің үстінен бірін секірту)
Қуса күшік жетпесін (баяу жүгіру)
Машина басып кетпесін ( машинаның рөлін айналдыру)
66. Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)
Тоқтамайсың домалап (тезірек екі қолды айналдыру)
Үстел үстін бүлдірдің (көлымен үстел үстін көрсету)
Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)
Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)
Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)
67. Орнымыздан тұрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Түзу сапты құрайық
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
68. Балық жүзді таза суда, (балықтың жүзу қимылдарын көрсету)
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.
69. Балық болып жүземіз (малту қимылын көрсету)
Шынығамыз суда біз (оң қолмен, сол қолмен)
Шынықсақ біз бәріміз (білектерін көрсеті)
Шымыр болып өсеміз (бір орында жүру)
Бір, екі, үш - білекке күш
Бір, екі, үш - аяққа күш
70. Сағаттың тіліндей (орындарынан тұру)
Иіліп оңға бір (аяқты алшы қою)
Сағаттың тіліндей (қолды белге қойып)
Оңға бір, солға бір (оңға, солға иілу)
Сағатқа қарап - ақ
Жаттығу оңай - ақ
71. Денсаулықты сүйеміз (орындарынан тұру)
Шынығамыз күнде біз (қолдарын екі жақа созу)
Бір-екі-үш! (білектерін бүгіп, күштерін көрсету)
Бір-екі-үш!
Бұлшық етте міне күш!
72. Ішке тартып ауаны, (орындарынан тұру)
Деміңді алшы тереңнен. (мұрынмен
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>