Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

пті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға илікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен оң саусақ
Қала салсақ, жол салсақ
81. Бас бармағым - әкем (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Балан үйрек - апам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Кішкентай бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
82. Бойыңды сергек тік ұста (тік тұру)
Емін - еркін тыныста (дұрыс дем алу (мұрынмен))
Деміңді ішке тез алда
Сол қолыңды соз алға
Қол ұшына қара да (қол ұшына қарау (ауада сызу))
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қол бос тұрмасын (оң қолға қарау (ауада сызу))
Шеңбер сызып зырласын
83. Тоңса біздің басымыз - құлақшын киіп аламыз (тұру, құлақшын кию қимылы)
Тоңса біздің денеміз - тон киіп аламыз (тон кию қимылы)
Тоңса біздің аяғымыз - пима киіп аламыз (аяқ киім кию қимылы)
Тоңса біздің қолымыз - қолғап киіп аламыз (қолғап кию қимылы)
84. Той болғанда ауылда,(екі қолды екі жаққа жайады)
Биші шықты ортаға. (бишінің қимыл қозғалыстарын жасау)
Не киіпті басына? (басын екі қолымен көрсету)
Та-қи-я ()
Не киіпті үстіне?
Көй-лек
Ал көйлектің үстінен. . .
Қам-зол
Аяғына не киген?
Мә-сі
Мұң бұралған тамаша
Сол бишіні кім көрді?
Мен!!!

85. Тоңса біздің қолымыз (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз
Тоңса біздің денеміз
Тонды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанамен зулаймыз
86. Қане, сапты түзейік (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
1,2,3,4
1,2,3,4
Шегірткедей ыршиық
Ыршып - ыршып, тыншиық
87.

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: