Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25

нша көмек ретінде) қорғау жөнінде заң шығарушылармен бұл сұрақ талқыланған және тағы басқа жаңа заңдар шығарылуда.
Психология-педогогикалык кеңес
1. Таңертен балабақшаға барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып, ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз балабақшадан кешігетіндей болып жатса, онда "Бол да болдың!" астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. "Бұзық болма!", "Қисалаңдамай тыныш жүр!" деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлаңыз!
4. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
5. Бала бірдеңеге қылығы үшін тәрбиеші сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
6. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз;
7. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз.
8. Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: "Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла," - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса.





Страницы: <<  <  23 | 24 | 25
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: