Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

ық-ай екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді)
Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді)
2. "САЛАТ"
Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеідеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды)
Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді)
3. "ҚОЛТЫРАУЫН"
Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)
Тістері тура шегедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелетң үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете "қолтырауынның аузын ашқан сияқты" ашып-жабады)
Бұл жерден қой өтпеді ме? (қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)
Деп сұрадым ойын білмекке (алақандарын бір-біріне ысқылайды)
Ал ол болса тымпиып жатыр (көздерін қысады)
Көзін қысып қылқиып жатыр
4. "КІМ КЕЛДІ?"
Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)
Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)
Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)
Иә, иә, иә! (сұ

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: