Таңертең көбелек оянды, тартылды, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп
Қайта гүліне оралды.
88. Бармақ болып жұмысқа, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой - ой - ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.
89. Құлыншағым құндызым (құлыншақтың шабысын көрсету)
Құлдырайды, шабады
Жылтылдаған құлыным (құстың ұшқанын қолдарымен келтіру)
Құстай қанат қағады
90. Күндей болып күлеміз (орындарынан тұру)
Гүлдей болып өсеміз (жүресінен отырып, өсіп тұрған гүлді көрсету)
Құстай болып ұшамыз (қанаттарын жайып, құс болып ұшу)
Көбелектей қонамыз (қанаттарын түсіріп, көбелектің қимылын көрсету)
91. Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
92. Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)
93. Көкөністі көп ектік (бір қатарға тұрып, егін егу қимылын көрсету)
Өссін, піссін - деп ектік (су құю, шөп жұлу қимылы)
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берер көп өнім
94. Кел, балалар, кел бері (шеңберге тұру)
Қыздырайық денені (қолды белге қойып оңға, солға бұрылу)
Орнымызда тұрып - ақ (бір орында жүгіру)
Жүгірейік бір уақ
1,2,3,4
95. Шаршағанда "Ух" дедім (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Ренжігенде "Тух" дедім
Қорыққанда "Ой" дедім
Өкінгенде "Ах" дедім
Шарасызда "Ех" дедім
Таңырқап &qu
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>