Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

бақта балалар тасбақаны тұла бойын тұрпатын, дене бөлшектері жайлы егжей-тегжейлі әңгімелейді, қол аяғын жиғанын-созғанын жіті бақылайды. Содан кейін балалар тасбақаны жасауға кіріседі. Төменгі,ортанғы топтарда балалар мүсіндеудің мынандай қарапайым операциясы болып табылатын негізгі қозғалыстарын игеруі тиіс: жаю, домалақтау, жалпайту, тарту, созу, бүктеу, қосу, шымшу. Кейде заттың түрлі формасын, мәселен, дөңгелек формаларды (жұмыртқа, қияр, картоп) мүсіндеу кезінде мүсіндеудің бірнеше формасын бірден қолдануға тура келеді. Бұл жерде мынадай тәсілдерді: шиыршақтап орауды, содан кейін аздап жайып жіберуді неғурлым дәл форма шығару үшін саусақтармен жөндеп қоюды қолдану керек.
Бірінші кіші топта қолына иленген саз балшығын ала отырып , олар барлық саусақтарымен сықпалай бастайды, оны үзіп - үзіп, тақта үстіне жайғастырады және оны қайтадан оны тұтас етіп жинайды , саусақтарымен шұқыр жасайды. Шын мәнінде балалар сазбен ойнап отыр. 2-3 жасар балаларды оқытудың әдістері сенсорлық зерттеу жолымен заттардың формасын меңгеруге, сабақ үстінде эмоциялы көңіл-күй орнықтыруға бағытталады, мұның өзі мүсіндеу кезінде балалар бойында образ жасау нышандарының байқала бастауына байланысты болады.
Бірінші кіші топтағы пішіндеу сабақтардың өзінде-ақ тапқырлықты дамыту жөніндегі міндеттерді қоюға болады. Мәселен, балалар бірнеше форманы бейнелеуді, меңгергеннен кейін, оларға тәрбиеші күні бұрын жасалған шардан, дискіден,цилиндер-таяқшадан кез келген заттың пішінін жасауды ұсынады. Мұндай тапсырма балалар заттарды бейнеленген кезде бөліктерді өздігінен қиыстыру үйретілуі тиіс. Сабақтардың алғашқы нәтижесі әрдайым ойдағыдай бола бермейді, бірақ білімді жинақтай келе бала қарапайым заттарды бейнелей отырып, дербестік көре бастайды.
Екінші кіші топтағы мүсіндеудің сипаты ү

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: