ш жасар балалардың жасағанымен салыстырғанда әлде қайда мәнді. Бірақ мүсіндеудің бастамасында түпкі ой болмайды. Бала өз бұйымдарын тақта үстіне бір-бірден орналастырады немесе бірінің үстіне бірін үйіп, жинай бастайды : егер тәрбиеші дер кезінде келмесе , бала өз бұйымдарын жалпы саз кесегіне айналдырып, бәрін мыжып тастай салады. Бұл топтардағы сабақтардың әрдайымғы басты міндеттерінің бірі балалардың зеректігін, ойлау шапшаңдығын және дербестігін дамыту болып табылады. Мәселен балалар бағандарды мүсіндейтін болса, тәрбиеші оларға, бұлардан не жасауға болатынын анықтауды ұсынады. Үлкендердің көмегімен бағандардан, көпір, үй, самолет және тағы сол сияқты заттарды жасайды. Тәрбиешімен баланың бірлескен жұмысы бүкіл сабақ бойы жалғаса береді. Тапсырылған тақырыпты әрқайсының жүзеге асыруына көмектесе отырып , ол балаларға сұрақ береді, ой салады. Мүсіндеу барысында кіші топтағы балалардың біршама дербестік, белсенділік көрсетуі үшін оларды жұмыс нәтижесімен ынталандырып қойған жөн. Мәселен, балалар жасаған балапанды жасыл қағаз парағы үстіне қоюға болады, құламайтын қуыршақ жасаған кезде қолдарына жалауша ұстатып қою керек. Сәбіз жасаған кезде қоянды әкеліп қою керек. Бұл қосымша заттарды тәрбиеші алдын ала дайындап қояды.
Естияр топтарында балалар жасаған образдардың екінші кіші топтағы балалар жасағандардан айырмашылығы шамалы болады. Мусіндеп жасалған екі, үш кескінін немесе түрлі ыңғайда басқа заттарды көрсете алады. Заттың қимылына немесе қалпына байланысты бөлшектер орналасуының өзгеретінін балалардың көруі қажет. Образды жасау балаларға оның мазмұнының қалай түсіндірілгеніне байланысты болады. Мәселен,қоянның кескінін жасаған кезде балаларға олардың біреуі түлкі жортып келе жатқан жоқ па екен деп елеңдеген қоянды, ал басқалары қорыққан қоянды (бірінші қоян қ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>