ҚР ШҚО Ұлан аудандық 
 білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі 
 "Айгөлек" балабақшасы КМҚК 
 
 
 
 
Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал. 
/Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, тіл дамыту,қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру сабақтарында және түрлі ойындар жүргізу барысында қолдануға арналған/
 
 
 
 
 Тәрбиеші: 
 Ағзам Асима Ағзамқызы
 
 
 
 Табиғаттың бір бөлігі - жануарлар мен құстар. Олар тіршілік әрекеттеріне байланысты өз ішінде екі топқа бөлінеді:
1. Үй жануарлары мен жабайы жануарлар
2. Үй құстары мен дала құстары. 
 Жануарлар мен құстардың табиғаттағы тіршілігі өте қызықты. Адам үшін олардың пайдасы зор. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жұмыстарының бір бағыты - балаларға экологиялық тәрбие беру. Осындай мақсатта әртүрлі сабақтарда қолдануға арналған үй жануарлары мен үй құстары туралы әдебиеттер жинақталып, балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр. 
 І - бөлім. Төрт түлік мал туралы. 
 Халық ауыз әдебиетінен:
Қазақ дәстүрінде барлық мал тұқымы төрт түлікке бөлінеді:
Әрқайсының өз пірі /қамқоршысы/ бар:
1. Шопан ата - Қой қамқоршысы, Сексек ата - Ешкі қамқоршысы,
2. Зеңгі баба - Сиыр қамқоршысы,
3. Қамбар ата - Жылқы қамқоршысы,
4. Ойсылқара - Түйе қамқоршысы. 
Құс патшасы - Бүркіт /қыран құс/
Аң патшасы - Арыстан
Барлық жер - жиһан патшасы - Адам. 
 Мақал-мәтелдер:
1. Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы. 
2. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір. 
3. Ер қанаты - ат. 
4. Ат ұстаған азабынан құтылады. 
5. Ат - адамның қанаты,
Ас - адамның қуаты. 
6. Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді. 
 Жұмбақтар:
1. Кішкентай 
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
