Бала тәрбиесінің маңыздылығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Отбасын құрып, отау тіккен соң жарық дүниеде ата-ананың сүйеніші, мақтанышы, қуанышы, арманы бала сүю. Яғни, ата-ана үшін бала өмірдің сәні. Сондықтан кез келген ата-ана АЛЛАҺ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Ал, перзент отбасының шайқалмауында үлкен рөл атқарады. Расын айту керек, кейде кейбір отбасында сәби дүниеге келмей, балаға зар болып, бармақтарын тістеп жатса, кейбір ата-ана баласының болғандығына кейіп, қарғысын жаудырып жатады. Десе де, ата-ананың жақсылық жасауына бірден бір құқылы адамдардың бірі - перзенті. Өйткені бала - АЛЛАҺтың бізге берген аманаты. Жаратушымыз олардың тәніне де, жанына да жақсы тәрбие беруді өсиет еткен. Осы тұрғыда балаларымызға жасаған әрбір үлкенді-кішілі ісіміз мойнымыздағы міндетті орындау болып табылады, әрі бізді жақсылыққа жақындататын сауабы мол игі әрекеттердің бірі саналады. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ өсіру отбасылық өмірдің негізгі мақсаттарының бірі. Өмірде ата-ананың баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмақ емес. Алайда кейбір ата-аналардың баласына бір тілім нан тауып беруі үшін, күнкөрістің қамымен үй бетін көрмей, тіршілік етіп жүргені ащы болса да шындық. Осылайша, отбасының материалдық әл-ауқатын жақсартамын деп жүргенде бала тәрбиесі деген ұғым тіпті шет қалып жатады. Бала тәрбиесі - бақытқа апаратын бірден-бір жол. Олай дейтін себебіміз баланы өсіреміз, оқытамыз, жеткіземіз, қатардан қалдырмаймыз деп жас күнімізде жанталасамыз. Бар күшімізді сарп етеміз. Қартайғанда, күшіміз кеткенде бізді бағатын, мейірімізді өсіретін бала болмақ. Егерде балаға осындай дәрежеге жеткізетіндей жеткілікті түрде тәрбие берілсе. Алайда, өкінішке орай, бүгінгі таңда баланың тәрбиесі шет қалып, ешкімде жоқты кигізсем, ешкім оқымаған, ешкім оқыта алмайтындай жерде оқытсам деген бәсекелест

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: