Бала тәрбиесінің маңыздылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ік ұстаным басымырақ. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы екенін естен шығармағанымыз абзал. "Материалдық қажеттілік те өте маңызды. Балаңызды өз зама-нынан қалдырмаңыз " делінген екен бір хадисте. Олай болса, баланың өз қатарынан қалмағанын қамтамсыз ету ата-ананың міндеті. Бірақ, күнделікті күйбең тіршілікпен айналысып, үйдегі баланың жағдайына мән бермеу одан да сорақы. Күнделікті шаруадан кешкісін үйге келгесін баласының үйде жүргенімен өзін жұбатып, таң атпай қайнаған тіршіліктің көкпарына қайта еніп, кешке тағы да сол күндегі жайды қайталау балаға қажетті назар салудан аластатады. Айталық, құрылысшы әке тұрғызып жатқан үйінің әрбір қышына мән берсе,базардағы ана сатып отырған затынан алданып қалмай, үйге табыспен оралуды көздейді. Ал, баласының ойы, онымен сырласу, кімдермен араласып жүргендігі, күнделікті сабағын оқыған-оқымағандығы, болашақ өмірге дайындығы мен арман - мақсаттары тыңдалмай ескерусіз қала береді. Бала көшедегі көрген білгенін әке деп санаса, үйдегі теледидар мен жүгенсіз кеткен ғаламтордағы бұзақы көріністер анасы болуда. Яғни, көше - әке, теледидардағы неше түрлі ақпараттар - ана болып шыға келеді. Ата-анасынан тірідей айрылғандардың қатарына осындай балаларды жатқызуға болады.
Қараңыз, бала өсіп келеді. Тәрбиесімен ешкімнің шаруасы жоқ. Анда-санда баласын төмпештеп соғып-соғып алады. "Әкенің айтқанын істемейтін баланы қайдан көрдің?!" сылтау осы. Кілең зұлымдықпен өсіп келеді. Анасының күнделікті үзілмейтін сериалдарынан да шаршады. Теледидардың ішіндегіге өз бауырының қайғысындай қайғырып, кейде ұрысып алады. Дүниенің қамы. . . Үйдегі ғаламтор ойыны, ұяттан жұрдай адамдардың қылықтары, қан жоса, атыс-тартыс шетелдің фильмдері. Баланың кешке дейінгі жұмысы осы. Көпшілігіміздің тәрбиеміздің негізі осы ғой. Жоқ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: