Бала тәрбиесінің маңыздылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

! Тәрбие бұлай болмайды. Ата-ананың тәлім-тәрбиесі қандай болса, қоғамның мінез-құлқы сондай болмақ. Өйткені, халық та, қоғам да, Отан да ата-анадан, айналдырған екі адамнан құралады. Сондықтан, ең әуелі адамның өзі дұрыс болуы керек. Өзі кір адам біреуді қалайша тазалайды?! Өзі қисық адам басқаны қандай құралмен түзетеді?! Ата-ананың көзі далада болса, баланың көзі қайда болады?! Сөзімді түйіндей келгенде ата-анаға құрмет етудің шегі жоқ. Ал, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуінің залалы үлкен. Яғни, перзент мол жеміс күтетін бау-бақша іспеттес, бұл жас бақтарға көңіл бөлмесек, дер кезінде суарып, зиянды нәрселерден тазартпасақ, өсіп-өркендеп, қанат жаюына қажетті жағдай жасамасақ, олардан жеміс күту барып тұрған ақымақтық болар еді. Ендеше, ертеңгі күні орныңды басушы, бақытыңның белгісі игілік әкелетін перзент тәрбиелеуде күш-қуаттарыңыз сарқылмасын дегім келеді.










Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: