Бала тәрбиесі-баршаға ортақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев: "Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез - құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн", - деуi тарих
сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi. Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы- осы кезеңдегі ғана емес, сонымен қатар болашақты нақты болжайтын қоғам мен мемлекеттің маңызды көрсеткіші. Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Бүгінгі күні балалардың денсаулық мәселесі
педагогикалық дәрежеден шығып, әлеуметтің маңызы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және нығайтудың көптеген тәсілдері мен құралдары бар. Мектепке дейінгі ұйымдар денсаулық сақтау дағдыларының тәрбиелеу, дамыту, сауықтыру-профилактикалық міндеттерін тиімді және оңтайлы шешу қажет. Денсаулық сақтау компоненттері ретінде балалардың денсаулығын сақтауда
төмендегі арнайы шаралар іске асырылады: оңтайлы қозғалыс тәртібі; ақыл-ой мен қозғалыс жүктемені орынды алмастыру; балалардың ойын және оқу іс-әрекеттерін өткізу уақыттарының сәйкестігі; алуан түрлі іс-әрекеттердің алмасуы. Спорттық көңіл көтеруді спортқұрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген алаңда ұйымдасқан түрде өткізу (биіктен
сырғанау, велосипед айдау шомылу, жүзуге дайындық) қажет. Міндетті сабақтарға қарағанда мұнда балаларды ұйымдастыру барынша еркін орындалады. Дене тәрбиесі мерекелері жылына 2-3 ретөткізіледі. Бұл балалардың қызығушылығын арттыратын, көңіл күйін көтеретін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: