үн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (таңғы жаттығу, қимылды ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын-сауықтар) өткіземіз. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті балаларды қимылды үйретудің негізі болып табылады. Жыл бойы балалардың жас ершелігіне қарай тақырыптық жоспардың мақсаттарына жүргізіліп отырады.
Қазіргі уақытта біздің балабақшамызда талапқа сай, спорт залы жақсы жабдықтылған және ойын алаңдары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік жаттығулар балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Осы сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлінеді.
Осы мақсаттарға сүйене отырып мен сабақтарда әр-түрлі жаттығуларды, ойындарды қолданамын.
Айта кетсек жалпы дамыту жаттығуларын кешендермен әр сабақтың алдында өткізіледі, түрлі құрал-жабдықтарды қолданамын.
Балалардың аяқ бұлшық еттерінің дамуына түрлі әдістерді қолданамын
мысалы: (аяқ ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі қырымен, сыртқы қырымен, тізені биік көтеріп, аяқты қайшылап) үйретемін. Тепе-теңдік сақтап жүру үшін мен гимнастикалық орындықта қолды жан-жаққа созып, қапшықты басқа қойып, затты ұстап жүру, заттарды аттап жүру жаттығуларын пайдаланамын. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу түрлі тәсілдерін қолданамын. Сондай-ақ спорттық құралдар: доп, доғалар, секірпе, құрсау, кеглилар, самокаттар тағыда басқа заттармен жаттығуларды орындауға, ойындар ойнауға қолданам.
Балалар-біздің болашағымыз дені сау, қабілетті, дамыған бала-қоғамның баға жетпес байлығы. Біздің балалардың денсаулығы мықты болса, бақытты әрі қоғамға пайдалы. Халықтың денсаулығы ел дамуына аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>