Бала тілін дамытудағы әдеби шығармалар мен тарихи туындылардың алатын орны

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тарихтан тағылым» деген қағидаларға сүйенсек, қоғам өміріндегі барлық құбылыстардың себеп- салдарын өткен тарихтан іздеуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетіміздің өткен тарихын жан-жақты сараламай, рухани өміріміздегі оң өзгерістер мен шешуін таппаған мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді. Кеңес дәуірінде қыспаққа ұшыраған төл мәдениетіміз неден ұтылып, нені жоғалтқанын тарихи тұрғыдан объективті түрде зерделеу қажет-ақ. Осы орайда, Француз тарихшысы Ж. Мишле атап көрсеткендей, «кімде кім, егер тек бүгінгіні ғана ұстанса, ол болашақты түсіне алмайды».
Баланың тілін дамытудың негізгі – көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып өтуге болады.
Энциклопедистер шығармашылығын салыстырмалы педагогикалық талдау тәрбиенің бүкіл салаларындағы дерлік идеялардың ұқсастығын ашуға көмектеседі.
"Білік біліп - төрден орын аларсың,
Білік білсең - күшті, берік адамсың.
Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,
Жанды судай біліктен күш табасың.
Канша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына".
Ж. Баласағұнидің ізімен немесе, одан төуелсіз ғылымнан не үздіксіз бәрін алу идеясын Махмұд Кашқари, Ахмет Үгенеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбул -Насыр Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи кайталайды. Ерекше езгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықтар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады. Туған тілдің ролін түсінудегі пікірлестік олардың түркі халықтарының рухани сұраныстары мен тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген "Құтты білік" жайында зерттеушілер "Халықтың талғам-білігін аңғартатын толып жатқан арналарды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: