ң бе?
- Жоқ.
Тәрбиеші:
-Балалар қасқырдың әрекеті дұрыс па?
-Жоқ
- Қасқыр, қоян бізбен бірге сергіту сәтің жасаңдар!
Сергіту сәті:
Бас көшеде қырағы
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп біл үш сөзін
тоқта,
сақтан,
жол ашық.
жүрме жолға таласып
қызыл көзін ашқанда
сабыр сақта, баспа алға
сары көзін ашқанда
қарап қалма аспанға
жасыл көзін ашқанда
жүре бергін, жасқанба!
Еңдеше "Бір дерек" айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласын.
Бейнеролик тамашалау.
IV. Қорытындылау
1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.
Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. )
- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)
2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы не сурет салуға болады.
V. Кері байланыс
Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.
Страницы: << < 1 | 2 | 3