түзеткен. (жол сақшысы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ "Тоқта, жүр!" дейді. (Бағдаршам)
3. Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан,қатерден сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Сахналық көрініс: "Қасқыр мен Қоян"
Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп. . .
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп. . .
- Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.
- Қоян, жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>