Бағдаршам көшедегі көмекшім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Семей қаласы
20 жалпы орта білім беретін дамыта
оқыту мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі:
Бекбаева Калия Мухаметқазықызы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы: "Бағдаршам көшедегі көмекшім"
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды жолда жүру ережелерімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру,көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білуге дағдыларыландыру.
2. Балалардың сөйлеуін дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта.
Үштілділік: Бағдаршам, светофор,light-signal
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңберіне тұру.
Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
- Балалар, бүгінгі оқыту іс әрекеті не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бағдаршам, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.
Олай болса, "Бағдаршам көшедегі көмекшім" оқыту іс әрекетін бастаймыз.
-Балалар айтып жіберіңдерші бағдаршамның неше көзі бар?
-Бірінші көзінің түсі қандай?(Қызыл)
-Ол қандай белгіні білдіреді?(Тоқта)
-Екінші көзінің түсі қандай?(Сары)
- Ол қандай белгіні білдіреді?(Сақтан)
-Үшінші көзінің түсі қандай? (Жасыл)
-Ол қандай белгіні білдіреді?(Жол ашық ) дұрыс айтасындар балалар.
ІІІ. Негізгі бөлім
Балалар үлгілі, тәртіпті бала көшеде, бағдаршамға қарап жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала
-Жарайсыңдар балалар.
2. Жұмбақтар шешу:
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: