ңырайта ашып, тілеу тілегелі талай заман болды. Шешей суды бірнешелеп құйса да, тағы орта түсіп барады.
Кішігірім лақтай Алтайдың ақ қояны қандай үлкен болса да, сорпа суымен бір тойғызады. Семізіне кездессең, ішінен бауырсақ пісіретін бір кесе май түседі.
Әкем көп кешікпей үш бірдей ақ қоянды әкеп босағаға тастай бергенде, Алтайдың бар байлығы біздің үйге келіп орнағандай қуандық.
Мәтінді берілген сұрақтар бойынша талдау :
Жазушы қай кезін еске алады ?
Оның әкесінің аңға шығуына кімнің сөзі жел бергендей болды ?
Қансонар дегенді қалай түсінесің ?
Әкесі мен баласы аңға шығуға қалай дайындалды ?
Баланың шешесі не деп ренжіп сөйледі ?
Бала неліктен әкесімен бірге аң аулауға бара алмай қалды ?
Әкелері аң аулаудан оралғанда үй іші неге қатты қуанды ?
Бала өзі айтқандай "еңбектің ең алғашқы қасиетін" қалайша сезінді?
Қазақстанда қандай аңдарды аулауға тыйым салынған ?
Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген ?
Ү. Бекіту. Оқиға желісіне қарай әңгімені бөлімдерге бөліп, ат қою.
1. Қансонарға дайындық.
2. Әкемнің аңға аттануы.
Аңшыларды күту.
1. Алтайдың байлығы немесе біздің қуанышымыз.
2. Кішкене көмекші
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу.
2. Мәтіндегі көріністер бойынша суреттер салып келу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Эйлер Венн диаграммасы арқылы оқушылардың білімін қорытындылау. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты салыстыру.
Үй тапсырмасы "Балуан" Жаңа сабақ "Алғашқы көмек"
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Адамның қуанышты сәттері
Адам өмірі туралы
Адамның қиналған жағдайы
ҮІІІ. Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Страницы: << < 1 | 2 | 3