Б. Тұрысбаев. Алғашқы көмек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

.
Аштыққа ұшырағандардың біразы Жыланшық өзенінің жағасында өскен ну қамыс пен қоғаның тамырларын жұлып, тамақ қыламыз деп, сол өзенге жете алмай, суға кетіп, өзеннің қырынан шыға алмай, тырнақтарымен жер тырнап, бұралып жатқан сұмдық көріністерді өз көзімізбен көрдік.
Бұрын өзеннің ішінде көлбақа, жылан жүзіп жүретін, сол ашаршылық жылдары суда көлбақа да, жылан да қалған жоқ . . .
1931-1933 жылдары Қазақстан бойынша ашаршылықтан өлген кісілердің саны , шамамен, 1 миллион 700 мың, оның ішінде 1 миллион 500 мыңдайы қазақтар.
Осы жылдардағы халықтың ауыр тіршілігін білу үшін, "Алғашқы көмек" әңгімесін тыңдайық ІҮ. Жаңа сабақ. Мәтінді мәнерлеп оқып беру Сөздік жұмысын жүргізу: Қансонар - жердің бетін тегіс қар жауғанда аңға шығу ( Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға . . . деген Абай атамыздың өлеңі бар) Білте - май шамның жанып тұратын жібі Тілеу тілегелі - бір нәрсе сұрағандай Сонаршылар - аңға шыққан адамдар Жүні жидіп кетеді - босап кетеді. Слайд көрсету ( қыс көрінісі , қансонар ) Тапсырма : мәтін үзінділерін оқушыларға бөліп беру, оқытып, мағынасын айту, түсіндіру.
Кір шүберектен жасаған үзік білте мен құман сынығынан жасаған шам лып-лып етіп жалпылдап өше жаздап тұр. Әкеме көрсеткен бар көмегім - сол шамды өшірмей, тостағандағы кішкене тоң майдан аздап еселеп салып, жағып отырамын.
"Әттең, үстімде киімім болса, бірге барсам қандай жақсы болар еді. Ақтөстің түлкі ұстағанын, Темірғалидың қақпан құрғанын көрер едім" деп ойладым.
Аузын төрге қаратып тастан салған пештің ішіне отынды тыға түсіп, соның жарығымен шай ішіп отырмыз. Ол кезде шай дейтін шай да жоқ. Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға шай деп ат қойып ішетін едік.
Қара қазан да аузын а

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: