Б. Тұрысбаев. Алғашқы көмек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Сыныбы: 4-сынып Пәні: Әдебиеттік оқыту Сабақтың тақырыбы: Алғашқы көмек (Авторы: Б. Тұрсынбаев) Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу. Дамытушылығы: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету. Тәрбиелілігі: Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу. Сабақ көрнекілігі: слайд ( қыс көрінісі , қансонар ), тест тапсырмалары Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың оқулықтары мен оқу құралдарын түгендеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: үйге берілген Ә. Қоңыратбаевтың "Балуан" әңгімесі . Естелікті бірнеше оқушыға оқыту Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап алу Әңгіме кім туралы: Әуелбек Қажымұқан Сар-Кекен Балуан өзінің қай елдегі сайысын еске алады ? Ресей Қазақстан Қытай Қажымұқан қай жылы Қытай еліне барды ? 1905 жылы 1906 жылы 1907 жылы Қажымұқанмен белдескен балуан кім болды ? Поддубный Сар-Кекен Иванов Қажымұқан жер шарының қанша елін аралаған ? 22 b)23 c)24 Ол барлығы қанша медаль алған ? 48 b)49 c)47 Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша (тест жауабын анықтап отыру) білімін тексеру.
Бүгінгі өтілетін тақырып "Алғашқы көмек" деп аталады. Әңгіменің авторы балалар жазушысы Бәдел Тұрсынбаев 1929-1933 жылдардағы ашаршылық жылдары кезіндегі оқиғаны әңгімелейді. Осы жылдардағы қазақ халқының күн-көрісі туралы Самырат Кәкішевтің "Ахаң туралы ақиқат" атты кітабынан үзінді оқып берейін :
Киімдеріміз де әбден тозды, әсіресе көйлектеріміз жыртылып, түріміз қап-қара болған, биттер үстімізде өріп жүр. Бұған қарсы істер шарамыз да, амалымыз да жоқ. Іздегеніміз асқазанға талшық болар бірдеңе . .

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: